05.06.2025, 18:40

«Біз шықпайды деп ойлайсыңдар ма?»: Шерзаттың жақындары әлі де қоқан-лоқы көрсетіліп жатқанын айтты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Жәбірленуші тарап сот үкімімен келісетінін айтып, адвокаттарына алғыс айтты.

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот үкімі шыққан соң сот залынан шыққан кейін айыпталушы тарап жақтың ата-анасым мен туыстары шу шығарған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шерзат Болаттың туыстары мен жақындары сотталушы тараптан әлі де қысым, қоқан-лоқы бар екенін атап өтті.

Жәбірленуші тарап сот үкімімен келісетінін айтып, адвокаттарына алғыс айтты.

"Сот үкімімен келісеміз. Басында болған адвокаттардың қателігі “Бұзақылық” бабы емес, “Топтық қылмыс” болу керек еді. Ал енді қазіргі қорғаушылармен соттың осындай дәрежеге жеткеніне шүкіршілік дейміз. Алғыс айтамыз. Өзімізден бөлек, бұл кісілерге де қауіп төнеді деген қорқыныш болды. Соттан кейін де өкініштері жоқ, “Біз әлі шықпайды деп ойлайсыңдар ма?” деген қоқан-лоққылары әлі де бар. Ешқайсысында өкініш жоқ, тік қарап, қолмен көрсетіп отыр, - дейді Шерзаттың әпкесі.