Оқиға орнында бір адам қаза тапты – жедел жәрдем келгенге дейін жан тәсілім еткен. Қазір мамандар жарылыстың нақты себебін анықтап жатыр.
Ақтөбеде 4 маусым күні Абая даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында газ жарылып, өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жарылыстың салдарынан төртінші қабаттың төбе плитасы опырылып, үшінші қабатқа түскен. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт аумағы шамамен 40 шаршы метрді құраған. Қызыл жалын толық сөндірілді. Үйден 73 тұрғын эвакуацияланып, олар уақытша жатақханаға орналастырылады.
Оқиға орнында бір адам қаза тапты – жедел жәрдем келгенге дейін жан тәсілім еткен. Қазір мамандар жарылыстың нақты себебін анықтап жатыр.
Қала әкімі Азамат Бекеттің айтуынша, үйдің құрылымдық қауіпсіздігіне сараптама жүргізіледі.
“Төртінші қабаттың плитасы үшінші қабатқа құлаған. Бұл – үйдің тұруға қауіпті екенін көрсетеді. Сондықтан төменгі қабат тұрғындары уақытша басқа жерге көшіріледі” — деді әкім.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын дәл осындай жағдай Алматының Алатау ауданында да тіркелген еді. 1980 жылы салынған үйде газ жарылып, 76 жастағы ер адам көз жұмған болатын.