Өзге елдің салтын түсіне қоймаған отандасымыз әйелінен бақытсыз жағдайға ұшырап қалған жағдайда не істер екенмін деп сұраған. Оның сұрағына ашуланған жапон қызы өздерінің ұстанатын қағидаларымен бөліскен.
Әли атты қазақ жігіті жапондық қызға үйленіп, бөтен елге көшіп кеткен. Алайда еңбекқор күншығыс елінің кейбір менталитеті жас отбасының арасында кикілжің тудырған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақтардың қиналғанда бір-біріне қол ұшын созып, демеп жіберетін әдетіне үйретіп қалған Әли, жапондықтар тіпті туған ата-анасына қарыз бермейді екен деп таң қалды.
«Мен Қазақстандағы достарыма қарызға ақша беріп тұратынмын. Ал жапондықтар тіпті туған ата-анасына да қарыз бермейді екен. Біз тойымызды өткізіп Жапонияға көшіп келгенде, бұл жерде күн көру қиын болды. Пәтер жалдап тұру үшін бірнеше жерде жұмыс істеп, ақша таптым. Қиналған соң Қазақстандағы туыстарымнан ақша сұрайын десем, әйелім бұл туралы сөз қозғама деп қарсы болды», - дейді қазақ жігіті.
Өзге елдің салтын түсіне қоймаған отандасымыз әйелінен бақытсыз жағдайға ұшырап қалған жағдайда не істер екенмін деп сұраған. Оның сұрағына ашуланған жапон қызы өздерінің ұстанатын қағидаларымен бөліскен.
«Егер ол есі кірген үлкен адам болса, неге осы уақытқа дейін ақша жинап қоймаған? Екіншіден, неге ол сақтанып жүрмейді? Тек қазақтар ғана өз өміріне немқұрайлы қарайды. Сендер барлық жауапкершілікті туыстарыңа немесе достарыңа жүктеп қойғанды жақсы көресіңдер», - деп ашуланған жапон қызы.
Қазақтың қанына сіңіп қалған әдетінен арылмаған Әли өзге елде бір жылдай қиналғанын айтты. Ол жапондықтар банктен несие алып ннмесе біреуден қарыз сұрамайды. Сондай-ақ, бұл елде мүгедектер де, баспанасыз қаңғыбастар да алақан жайып ақша сұрамайды. Қазақтар үшін қалыпты жағдай жапондарда немқұрайлықпен қарау деп саналады. Бұл елде тіпті қонаққа бару үшін де бір-екі апта бұрын ескертіп, хабар беру керек деп таңданды отандасымыз.
«Оның өзінде туысыңның үйінде түнеп қалуға болмайды, тек кейбір жағдайларда ғана ата-анасының үйінде қонуға болады», - дейді Әли Әбдіғали.
Осы жігіт тағы бір жазбасында барғанда басынан өткерген жағдайды жазған еді.
«Қытайға барғанда көшеде отырған 2 аяғы жоқ мүгедекке мен ақша беріп едім, әйелім «Неге біруеге тегін босқа, тегін ақша бересің, ол деген адамды қорлау ғой» деп ұрысты. Мен «Көріп тұрсың ғой мүгедек, қалай жаның ашымайды» деп өзіне ұрыстым. Ол «Жапонияда мүгедекке тегін бірдеме беру, ол адамды қорлау болып саналады, олар мемлекеттің қамқорлығында, біз салық төлейміз, сол салықтаға қаржымен оларды мемлекет қамтамасыз етеді деп жауап берді», — деп жазды жапондарлың күйеу баласы.
Осы оқиғаларды саралап шыққан кәсіпкер Ахметбек Нұрсила, өз ойын білдірді.
«Ана бай қайырымдылық жасады, мына бай тегін бірдеме берді» деген менталитеттен арылуымыз керек. Бұнымен мемлекет айналысуы қажет! Мүгедек, жарымжан адам бюджеттен толық қамтамасыз етілуі керек!
Ал мемлекет, қоғам дені сау адамға өз еңбегімен өз-өзін жеткілікті асырай алатындай жағдай жасауы қажет. Біз дәл қазіргі «Тегін көмек, тегін тарату, қайырымдылық жасау» деген менталитетпен ешқашан дамыған Жапония сияқты мемлекет бола алмаймыз», — деп жазды Ахметбек Нұрсила.