31.05.2025, 13:10

Тоқаев бір минут үнсіздікпен қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды. 

Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды. 

Мемлекет басшысы боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.