28.05.2025, 18:20

Елордадағы LRT құрылыс нысаны аумағында өрт шықты

Фото: видео скриншот

Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қабанбай батыр даңғылы бойында, LRT құрылыс нысанында, 15 шаршы метр аумақта құрылыс қалдықтары өртенді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.