$ 510.19  582.79  6.46

Жамбыл облысында әкімдер жер телімдерін туыстарына таратқан

Лауазымды тұлғалар өз кінәларын толық мойындаған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жамбыл облысының лауазымды тұлғалары жақын туыстарына жер пайдалану құқығын берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2024 жылдың желтоқсан айында Полатқосшы ауылдық округі әкімінің жұбайының анасына 1 жыл мерзімге 0,0692 гектар жер телімі бау-бақша өсіруге берілген. Екі айдан кейін жер телімі коммерциялық мақсаттағы санатқа ауыстырылған.

Қаратөбе ауылдық округі әкімінің әпкесі бау-бақша өсіру үшін 0,1 гектар жер теліміне, сондай-ақ жеке меншікте бұрын жалға алынған 0,0763 гектар жер теліміне құқық алған. Әкім әйелінің әкесіне 0,3500 гектар жер телімін берген.

Жамбыл аудандық сотында мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбауына қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы). Лауазымды тұлғалар өз кінәларын толық мойындаған.

"Сот оларды ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша кінәлі деп тауып, әрқайсысына 275 мың теңгеден әкімшілік айыппұл салынды".

Қаулылар заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары