$ 511.67  582.38  6.53

«Мектеп әкімшілігінің шешімі өзгеріссіз қалды»: НЗМ мәлімдеме жасады

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болған жағдайға байланысты мектеп басшылығы оқушымен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

 

Алматыдағы НЗМ-де оқушы мен мұғалім арасында болған жағдай бойынша ресми кездесу өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болған жағдайға байланысты мектеп басшылығы оқушымен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

"Кездесу барысында бұған дейін қабылданған шешім қайта қаралып, тараптар ортақ түсіністікке келді. Мектеп әкімшілігінің шешімі өзгеріссіз қалды – оқушы білім беру мекемесінен шығарылып, мемлекеттік жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды. Оқушының ата-анасы бұл шешімге қарсылық білдірген жоқ", - деп жазды НЗМ басқарма төрағасы Ануар Жанғозин.

Назарбаев Зияткерлік мектептері әрдайым шәкірттерге қолдау көрсетуге және өзара сыйластыққа негізделген сындарлы қарым-қатынасты сақтауға басымдық береді. Сонымен қатар, мұғалімдерге деген құрмет – мектеп ұстанатын бұлжымас әрі қатаң сақталатын талаптардың бірі.

"Қоғамның бұл жағдайға бейжай қарамай, белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреміз. Назарбаев Зияткерлік мектептері кері байланысты және ашық диалогты әрдайым жоғары бағалайды. Сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министріне, министрлік өкілдеріне және бала құқықтары жөніндегі уәкілдерге көрсеткен қолдаулары мен жағдайға мұқият көңіл бөлгендері үшін ризашылығымызды білдіреміз", - деді НЗМ басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары