$ 510.81  578.59  6.51

Желіде марқұм Ақнәрдің өз еркімен терезеден секіргісі келген видеосы тарады

Көпшілік видеоны қызу талқылап, кейбірі ондағы ер адамның Ақнәрді ашуландырып тұрғанын айтады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде терезеден құлап көз жұмған Ақнәр есімді бойжеткеннің бұрын да осындай әрекетке бармақ болған видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тараған бейнежазбада Ақнәрдің терезеге қарай жүгіріп, өзін тастамақ болғаны көрінеді. Қасында жүрген құрбысы мен досы оған айқайлап, тоқтатуға тырысады.

Көпшілік видеоны қызу талқылап, кейбірі ондағы ер адамның Ақнәрді ашуландырып тұрғанын айтады.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның құрбысы Дидар Мұқият блогер Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, Ақнәрдің ешкімнің қысымын көрмегенін және өз еркімен секіргенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары