$ 512.66  580.59  6.45

Көкшетауда энергетикалық сусын ішкен жасөспірімнің асқазаны тесіліп қалған (ВИДЕО)

Дәрігерлер лапароскопиялық ота жасап, жараны тігіп, іш қуысын іріңнен тазалап, дренаж қойған. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Көкшетауда энергетикалық сусын ішкен 16 жастағы жасөспірімнің асқазаны күйіп қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жасөспірім қатты іш ауруымен ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалды. Көкшетаудағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлерінің айтуынша, жасөспірімнің энергетикалық сусындарды жиі тұтынуы ішкі ағзалардың ауыр зақымдануына әкелген.

Дәрігерлер лапароскопиялық ота жасап, жараны тігіп, іш қуысын іріңнен тазалап, дренаж қойған. Ота сәтті өтіп, жасөспірім аман қалды, алайда оны алда ұзақ қалпына келу кезеңі күтіп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары