26.05.2025, 08:30

Бүгін елімізде найзағай ойнап, үсік жүреді – Қазгидромет

Фото: Pixabay

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Қазгидромет" мамандары 26 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Қазгидромет" синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қай өңірлерде жауын-шашын күтіледі?

Шығыс пен оңтүстік-шығыста – жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жаңбыр болады; Орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда – бұршақ пен дауыл болуы мүмкін; Батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерде – жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ауа райының қауіпті құбылыстары

Күндіз еліміздің бірқатар облысында жел күшейеді; Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – шаңды дауыл көтеріледі; Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Үсік қаупі бар өңірлер

26 мамыр күні түнде мына облыстарда 1–6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін:

Солтүстік Қазақстан Қостанай Ақтөбе (солтүстігі мен шығысы) Ақмола (батысы, солтүстігі, шығысы) Павлодар (батысы, солтүстігі) Қарағанды (батысы мен солтүстігі) Ұлытау (солтүстік аудандары).