Ұлының есімін "Ғалам" деп қойды.
Бұрыңғы журналист, қазір рухани ілімдерді зерттеп жүрген Жанат Бақыт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол дүниеге ұл бала әкелгенін хабарлады.
"25.05.2025 жылы, сағат 09:09-да Жаратқанның қалауымен “Ғалам” есімді ұлымыз дүние есігін ашты", - деп жазды.
Жанаттың оқырмандары бұл жаңалығына қуанып, тілектерін арнады.
"Ғаламның қалауымен "Ғалам" келді ", "Рухты ұрпақ келді дүниеге", "Бауы берік болсын", "Анасы сияқты мықты бала болады", - деп пікір білдіруде желі қолданушылары.