24.05.2025, 08:30

Демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді

Фото: Pixabay

"Қазақстанның солтүстік өңірлеріне ыстық жаз бір келмей-ақ қойды".

"Қазгидромет" РМК 24-26 мамыр аралығына арналған Қазақстан бойынша ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазақстанның солтүстік өңірлеріне ыстық жаз бір келмей-ақ қойды. Ел аумағының басым бөлігіне жаңбыр мен найзағай әкелген циклоннан кейін енді солтүстіктен антициклон жылжып келе жатыр. Ол батыс аймақтарда жауын-шашынның тоқтауына және солтүстікте ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болады", - деп түсіндірді синоптиктер.

25 мамырда Батыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, ал 26 мамырда Павлодар облысында түнгі уақытта 1-3 градус үсік  жүреді деп күтіледі.

Тегтер: ауа райы