$ 510.84  579.7  6.39

«Ата-анасы жарымжан жандар»: Қара маскадағы жігіт 14 жастағы балаға үй сыйлады (ВИДЕО)

Оның ең ауыр естелігі – дастарқанда нан болмаған кез екен.

Фото: коллаж: turkystan.kz
Фото: коллаж: turkystan.kz

Жақсылық жасауын тоқтатпаған жұмбақ жан тағы бір отбасын қуантты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы көмекті 14 жастағы Сержан есімді жасөспірім мен оның отбасы алды. Баланың айтуынша, әкесі көзі көрмейтін жан, анасы жиі талып қалады және эпилепсия диагнозымен тіркеуде тұр, ал әпкесінің көру қабілеті нашарлаған. Осындай ауыр жағдайда өмір сүріп жатқан отбасыға жұмбақ жан баспана тарту етті.

Сержанның мешіт ішінде дұға жасап отырған сәті бейнежазбада тараған. Жасөспірім сабағынан тыс уақыттарда жұмыс істеп, отбасысына қолғабыс ететінін айтқан. Оның ең ауыр естелігі – дастарқанда нан болмаған кез екен. "Алладан не тілейсің?" деген сұраққа ол:
"Бастысы — аш қалмасақ екен. Ата-анам аман болса, сол жетеді," — деп жауап берген.

Баспанаға ие болғанын естіген Сержан көз жасына ерік берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары