$ 510.84  579.7  6.39

Перизат Қайрат та бәрі уәде етіп еді: Астанада емізулі сәбиімен таксист болып жүрген әйел баспаналы болды

Бұл қуанышты жаңалық туралы блогер Батыржан Ибрагим өз парақшасында бөлісті. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Астанада емізулі сәбиімен такси қызметін көрсетіп жүрген әйел ақыры баспаналы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл қуанышты жаңалық туралы блогер Батыржан Ибрагим өз парақшасында бөлісті. 

2022 жылы әлеуметтік желіде қолында сәбиі бар келіншектің такси жүргізушісі болып жүргені туралы видео тарап, қызу талқыға түскен болатын. Емізулі сәбиімен осылай күн көріп жүрген астаналық әйелге сол кезде көбісі көмектескісі келген. Тіпті атышулы Перизат Қайрат та баспана береміз деп хабарлаған болатын. Алайда бұл уәдесі орындалмаған.

Әсел қызының үш айлық кезінен бастап такси бола бастаған. Жалғызбасты ана ол кезде 12 жастағы ұлы, 3 айлық қызымен жатақханада бөлме жалдап тұрған болатын. Одан кейін талай дүние өтті.

"Әсел баспаналы болды. Ойламаған жерден. 13 жыл күткен үйі 13-ші қабаттан бұйырды. Қуанышымен бөлісіп үйінің видеосын жіберді. Қуаныштан жылап та алды. Бірақ, дәл сол үйінің кілтін алған сәтте қасында ешкім болмаған. Бірақ бұл мемлекеттің арендалық үйі. Бес жылға берілетін. Есесіне біреудің пәтері емес, ай сайын 150 мыңдай пәтерақы төлемейді. Бес жылда осы үйдің алғашқы жарнасын жинап, жекешелендіріп алса да болады екен. Қуанған сәтін көріңіздерші", - деп жазды блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары