Сот отырысында түрлі видеодәлелдер көрсетілді.
Шерзат Болаттың өліміне байланысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Отырыста іс материалдары егжей-тегжейлі қаралып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Сот отырысында түрлі видеодәлелдер көрсетілді. Солардың бірі — куәгер Дана Жақсыгелдінің тергеу кезінде берген жауабы. Оның айтуынша, қайғылы жағдай орын алған күні ол Абзал Шынасылдың қолында пышақ болғанын көрген. Куәгердің сөзіне сенсек, Шынасыл кейін пышақты жол бойында тастап кеткен. Айта кетейік, бұған дейін, 21 мамырда өткен сотта айыпталушы Абзал Шынасыл да дәл осыған ұқсас мәлімдеме жасаған болатын. Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне байланысты іс бойынша тоғыз адамға айып тағылған. Сот отырысы жалғасып жатыр.
Айыпталушыларға мынадай баптар бойынша айыптар тағылған:
Абзал Шынасыл – ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) және 293-бабы (Бұзақылық) бойынша айыпталуда.
Равиль Сакиев – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) және 99-бабы (Адам өлтіруге оқталу).
Шыңғыс Белғожаев – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық).
Дархан Әскентай – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық).
Нұрқияс Ілиясов – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) және 99-бабы (Адам өлтіруге оқталу).
Азамат Тоқтаубаев – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) және 99-бабы (Адам өлтіруге оқталу).
Нұрбол Тоқтаубаев – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық).
Дидар Қалиахмет – ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық).
Думан Ысқақ – ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау).