Оған жауап ретінде алаңдамауын, бәрі барлық тараппен алдын ала келісілгені айтылған.
Әлеуметтік желілерде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот ісінен қызықты үзінді жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
@egovpress парақшасында жарияланған видеода процесс аяқталғаннан кейін бір адамның жылап жібере жаздағаны және куәлікті дұрыс бердім бе деп сұрағаны естіледі.
"Дұрыс сөйледім бе?! Саған көп сұрақ қоймайды, сөйлесіп қойғанмын. Уайымдама!", - деген сөздерді естуге болады.
Оған жауап ретінде алаңдамауын, бәрі барлық тараппен алдын ала келісілгені айтылған.
Алайда, бұл сөздерді қай айыпталушының айтқаны белгісіз.