Журналистің жары тележүргізуші Дана Нұржігітпен сырласты. 30 жыл бұрынғы алғаш кездескен оқиғаны есіне алды.
5 жыл бұрын дүниеден өткен марқұм Бейсен Құранбектің жары Гүлмира Зербай ел алдына шығып, сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналистің жары тележүргізуші Дана Нұржігітпен сырласты. 30 жыл бұрынғы алғаш кездескен оқиғаны есіне алды.
“Ақтөбенің қызымын. Алматыға аспирантура оқу үшін келген едім. “Спорт” газетіне корректор болып орналастым. Сол жерде Сайын Тұрсынов деген кісі жұмыс істеген. Мені сыртымнан бақылап жүріпті. Бір күні маған Бейсенді ертіп әкеліп таныстырды. Бас киімін бастырып көзіне дейін түсіріп алған. “Гулочка, мынау менің балам – Бейсен. Мені қалай сыйласаң, осы жігітті де солай сыйла” деп шығып кетті. Ол жерде Бейсен де белсенді болып, ашылып сөйлей қоймады. “Қай жерден боласың, атың кім” деп қана сұрақ қойды. Кейін Сайын аға “Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады” деп құлағына құйса керек, сол күннен кейін редакцияға келгіштеп кетті. Бейсеннің жасы сол кезде – 27де еді. Солай танысып, отбасын құрдық”, – деді Гүлмира.