19.05.2025, 15:20

«Жағдайы ауыр»: Астанада цирк әртісі қойылым кезінде 5 метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО)

Фото: TravelPost

Жалпы жағдайы орташа, тұрақты.

18 мамырда Астана циркіндегі шоуда акробат қыз бес метр биіктен құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, бұл жайт қараңғыда болғандықтан көрермендер басында мән-жайды түсінбей қалған.

Кейінірек цирк өкілдері осы оқиғаға пікір білдірді.

"Ол спорт шебері, күрделі трюктарды сақтандырусыз орындауға дағдыланған, жеңіл жарақат алды, жақын арада аренаға оралып, цирк көрермендерін қуанта береді", – дейді цирк әкімшілігі.

Астана денсаулық сақтау басқармасы өкілдері акробаттың қазіргі жағдайынан хабардар етті.

"Қыз циркте 5 метр биіктен құлап жарақат алды. Оны оқиға орнынан жедел жәрдем бригадасы алып кетті. Оған бас жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылды. Жалпы жағдайы орташа, тұрақты", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Әртістер өнер көрсеткен шоу 1 маусымға дейін жалғасады.