10.05.2025, 11:30

Павлодарда Жеңіс саябағында «тверк» билеген жасөспірім қыздар жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Жағдайға байланысты Павлодар облысы полиция департаменті пікір білдірді.

Павлодарда Жеңіс саябағында орынсыз билеп, видеоға түскен жасөспірім қыздарды полиция ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жасөспірім қыздардың видеосы kerek Telegram-арнасында жарияланған.

Жағдайға байланысты Павлодар облысы полиция департаменті пікір білдірді.

"Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Заңсыз әрекеттері үшін кәмелетке толмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ Павлодар әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға ұсыныс жолданды.