10.05.2025, 02:30

«Жігіттердің өліп кеткенін көзім көрді»: Бауыржан Момышұлының дауысы жазылған аудио жарияланды (ВИДЕО)

Фото: history.kz

Тәуелсіздік үшін жан тәсілім етті.

 

«Қазақстан» РТРК» АҚ Алтын қорында сақталған аудио жазбада Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарын еске алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Күн-түн демей еңбек етіп, Жеңіс үшін тер төктік. Осының бәрін біз тарих алдында, Отан алдында, адамгершілік, намыс алдында — ақ ниетпен, азаматтық борышымызды өтеу үшін істедік. Бұл Жеңіс бізге арзанға түскен жоқ. Ерлеріміздің қан майданда құрбан болғандары аз емес. Менен ақылды, менен батыр жігіттердің өліп кеткенін көзім көрді. Олар Ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі үшін жанын аямастан соғысты. Тәуелсіздік үшін жан тәсілім етті», — делінген аудио жазбада.