08.05.2025, 18:20

Павлодарда Жеңіс саябағында жас қыздар ұятсыз би билеген (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Жасөспірім қыздардың видеосы kerek Telegram-арнасында жарияланған.

Павлодарда Жеңіс саябағында орынсыз билеп, видеоға түскен жасөспірім қыздарды полиция ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жасөспірім қыздардың видеосы kerek Telegram-арнасында жарияланған.

Жағдайға байланысты Павлодар облысы полиция департаменті пікір білдірді.

"Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Заңсыз әрекеттері үшін кәмелетке толмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.