$ 516.01  582.47  6.26

«Ер адаммен иіліп амандасу керек»: Алматыдағы белгілі оқу орнында қыздарға өткізген жиыны көптің ашуын туғызды

Мұны студент қыз Qumash Telegram-арнасына мәлімдеген. 

Фото: Qumash Telegram-арнасы
Фото: Qumash Telegram-арнасы

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студент қыздарға ер адамның алдында өзін ұстау, киіну және сөйлеу туралы жиын өткізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студент қыздарды жинап, өздерін қалай ұстау керегі туралы насихат жасаған. Мұны студент қыз Qumash Telegram-арнасына мәлімдеген. 

“Университет әкімшілігі бірінші курстың барлық қызын яғни 40-50 адамды жинап, қыз баласы инабатты, ибалы болу керек деген плакаттарды ілген. Содан кейін әртүрлі жастағы ер адамдардың қыздардың мінез-құлқы туралы айтқан видеороликтерін қосқан”, – делінген арнада.

Студенттің айтуынша, видеоның негізгі тезисі қыздар ашық-шашық киінбеуі керегін, қатты дауыс шығарып сөйлемеуге тиіс екенін, ер адамдарды көргенде, иіліп сәлемдесу керегін түсіндіреді. Сондай-ақ ұзын белдемше кию әдептілік белгісі деп айтқан.

Сонымен қатар аға оқытушы еуропалық әйелдерге еліктеуге болмайтынын айтқан. Олардың шамадан тыс еркіндігінен ЛГБТ және басқа да нәрселер кең таралғанын айтты. Оларды жиыннан шығармай қойыпты.

Бұл жиын желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

“Жігіттер қандай болуы керегі туралы да жиын өткізіңіздерші”, “Әйелдерді жайына қалдырыңыздар. Бізді тәрбиелеп, ақыл айтуды доғарыңыздар. Қыздар өз өміріне өзі жауапкершілік ала алады. Ерлерге өзін-өзі ұстауды үйретіңіздер”, “Ерлерге қол көтермеу, ұрмау, зорламау және балаларын тастамау туралы ақыл айтқан дұрысырақ” деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары