04.05.2025, 21:30

Алматыда қамаудағы адам қашып кеткен (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Қашу фактісін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті растады

Алматыда ұрлық жасады деп күдікке ілініп, кейін ауруханаға барған азамат, полицейлерден қашып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 3 мамырда болған. Ұрлық жасады деген күдікке ілінген азамат қамауда алынған кезде ауруханаға барып емделген. 

Қашу фактісін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті растады. Ведомствоның мәліметінше ұрлық жасады деген күдікке ілінген адам ауруханадан қашып кеткен.

"Қашып кеткен күдікті ұсталды. Күдіктінің қалалық ауруханадан қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.