$ 516.16  584.86  6.25

Ақтөбеде жасөспірімдер зираттағы құлпытастарды қиратып кеткен

Полиция оқушылардың ата-аналарын тауып, жауапкершілікке тартты.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Ақтөбе обылыс Мұғалжар ауданы Көтібар батыр ауылында 3 жасөспірім зираттағы құлпытастарды бұзып кеткен, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мәрмәр тастан жасалған құлпытастардың қирап жатқаны туралы видеоны Аqtobe_sergek парақшасы жариялады.

Полиция оқушылардың ата-аналарын тауып, жауапкершілікке тартты.

«Учаскелік полиция инспекторлары күдіктілерді іздестірді. Үшеуі де кәмелет жасқа толмаған. Олар құлпытастарды құлатып, бүлдірген. Балаларын дұрыс бақыламаған ата-аналар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс аясында жауапқа тартылады. Себебі балалардың бәрі 7-8 жаста. Сонымен бірге бүлінген құлпытастарды қалпына келтіреді. Облыстық полиция департаменті ата-аналарға бала тәрбиесін назардан шығармай, заң бұзудың алдын алуға шақырады», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#зират #Ақтөбе