Желі қолданушылары ойланбастан суға түсіп, романтикалық ұсынысты құтқарып қалған жігіттің әрекетіне тәнті болды.
Парижде сүйіктісіне сөз салған қазақстандық жігіт сақинасын өзенге түсіріп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан Париждің Сена өзенінің жағалауындағы романтикалық ұсыныс кезінде сақина салынған қорап жігіттің қолынан шығып, суға түсіп кеткенін көруге болады.
Жігіттің достарының бірі ойланбастан өзенге секіріп, сақинаны шығарып алған. Жас жігіт ұсынысты қайта жасап, қалыңдық "иә" деп жауап береді.
Желі қолданушылары ойланбастан суға түсіп, романтикалық ұсынысты құтқарып қалған жігіттің әрекетіне тәнті болды.