01.05.2025, 12:30

Қазақстандықтардың өмірінде 1 мамырдан бастап не өзгереді?

Фото: Pixabay

Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне біржолғы төлем беріледі.

Қазақстанда 2025 жылдың мамыр айында қандай өзгерістер болады? Skifnews.kz ақпараттық порталы назарларыңызға маңызды оқиғалар мен өзгерістерді қамтитын шолу ұсынады.

Қазақстанда 2025 жылдың мамыр айында болатын маңызды оқиғалар мен өзгерістер төмендегідей:

Мамыр айындағы мемлекеттік мерекелер

Қазақстан үш маңызды мемлекеттік мерекені атап өтеді:

1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні; 7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушы күні; 9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні.

Бұл күндердің барлығы ресми демалыс күндері болып табылады.

2025 жылы мамыр айында демалыс күндері

Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

1 мамыр – демалыс; 2 мамыр – жұмыс күні; 3-4 мамыр – демалыс күндері; 7 мамыр – демалыс; 9 мамыр – демалыс; 10-11 мамыр – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

1 мамыр – демалыс; 2-3 мамыр – жұмыс күндері; 4 мамыр – демалыс; 7 мамыр – демалыс; 9 мамыр – демалыс; 10 мамыр – жұмыс күні; 11 мамыр – демалыс.

Жедел жәрдем қызметіндегі өзгерістер

1 мамырдан бастап:

Емханалардың жанындағы мобильдік бригадалар жұмыс уақытында – 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады; Өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобильдік бригадаларына қайта бағытталатын болады; 20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесіндегі өзгерістер

24 мамырдан бастап барлық кезекте тұрғандар мен жаңа өтініштер "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электронды жүйесіне өтеді, оны Отбасы банкі басқарады. Жаңа жүйе:

Жылжымайтын мүліктің бар-жоғын автоматты түрде тексереді; Отбасының жағдайы мен мәртебесін талдайды; Адамдар қатыспайтын тізім құрастырады, бұл сыбайлас жемқорлық пен қателіктерді болдырмайды; Тұрғын үйді бөлу процесін реттейді.

Жеңіс күніне арналған шаралар

7 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Оған 4 мыңнан астам әскери қызметші, 300-ден аса қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери техниканың үлгілері мен майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиациясының 60-тан астам әуе кемесі қатысады.

Жаңа әуе рейстері

1 мамырдан бастап:

"Алматы – Семей – Алматы" – аптасына үш рет; "Астана – Семей – Астана" – аптасына бір рет.

1 маусымнан бастап:

"FlyArystan" әуе компаниясы "Шымкент – Семей – Шымкент" жаңа бағытын ашады. Рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады; "Скат" әуекомпаниясы "Алматы – Үржар – Алматы", "Астана – Үржар – Астана" рейстерін аптасына 6 рет орындай бастайды.

Жедел жәрдем қызметіндегі өзгерістер

1 мамырдан бастап:

Емханалардың жанындағы мобильдік бригадалар жұмыс уақытында – 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады; Өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобильдік бригадаларына қайта бағытталатын болады; 20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.

Сұйытылған газды сыртқа шығаруға тыйым мерзімінің ұзартылуы

Энергетика министрлігі сұйытылған газды автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге енгізілген тыйымның мерзімін тағы 6 айға ұзарту туралы бұйрық жобасын көпшілік талқылауына шығарды. Құжат қабылданса, 6 айлық тыйым 2025 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енеді.

Жеңіс күніне орай ардагерлерге берілетін біржолғы төлем

Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне біржолғы төлем беріледі. Оның көлемі – 5 млн теңге.

Оқу жылының аяқталуы

1 сәуірден бастап оқу жылының IV тоқсаны басталады. Төртінші тоқсанда оқушылар 8 оқу апта оқиды. Сөйтіп 25 мамырда оқу жылын қорытындылайды.

АҚШ визасын алу шарттарының өзгеруі

2 мамырдан бастап Астана мен Алматыдағы консулдық бөлімдерде визалық сұхбаттарға жазылу сұхбат өтетін күннен үш жұмыс күні бұрын, сағат 17:00-де жабылады. Мысалы, 2 мамырға сұхбатқа жазылған азаматтар DS-160 визалық өтінім формасын 28 сәуір күні сағат 17:00-ге дейін толтырып, тапсыруы қажет. Егер DS-160 формасы талаптарға сай болмаса, сұхбат кездесу автоматты түрде жойылады және адам "келмеген" ретінде белгіленеді.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуы

ҰБТ тестілеуі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер екі мүмкіндікті пайдаланып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.