30.04.2025, 21:30

Еркек пен әйел бөлек отыру деген Құранда жоқ - дінтанушы (ВИДЕО)

Себебі, Құрандағы әйелдердің орамал тағуға қатысты аяттың басында негізі еркектерге қатысты айтылады.

 

Дінтанушы-ғалым Асылтай Тасболат Құранда еркек пен әйел бөлек отыру дегеннің жоқ екенін айтты.  Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Сегрегация деген Құранда жоқ содан бастайық. Еркек пен әйел бөлек отыру деген жоқ. Себебі, Құрандағы әйелдердің орамал тағуға қатысты аяттың басында негізі еркектерге қатысты айтылады. «Ар-ұяттарыңа ие болыңдар. Бірінші еркекке, одан кейін әйелдерге де ар-ұяттарыңа ие болыңдар және орамалдарыңды кеуделеріңе түсіріңдер» деп айтады. Негізі, контекстке қарайтын болсақ Пайғамбардың алдында еркек пен әйелдің қатар отырғанын көрсетеді. Сегрегация деген нәрсе, әйелді бөліп тастау деген нәрсе жоқ. Ар-ұятты сақтау бірінші еркектерге айтылады, сосын барып әйелдерге қатысты. Негізгі контекст сол. Ал ол сол замандағы шешім. Былайша айтқанда, сол қоғамдағы еркек пен әйелдің бір кеңістікте отырып бірақ ар-ұятты сақтап, белгілі бір этикаға сүйеніп ережені сақтау керек», — деді дінтанушы ғалым.