30.04.2025, 17:30

Түркістан өңірін шыбын-шіркей жайлады: депутат бақылауға алатынын айтты

Фото: желіден алынды

Соңғы күндері шегіртке мен шыбын-шіркейдің күрт көбеюі тұрғындардың мазасын қашырды.

Түркістан облысында соңғы күндері шегіртке мен шыбын-шіркейдің күрт көбеюі тұрғындардың мазасын қашырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевтың айтуынша, зиянкестермен күреске қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар басталған.

«Отырар, Арыс, Шардара сияқты мал шаруашылығы дамыған аймақтарда жағдай қиын. Халықтың сыртта еркін жүріп-тұруы, тіпті тамақ ішуі де мұңға айналды. Бұл мәселеге облыс басшылығы назар аударып, дәрі себу жұмыстары жүріп жатыр», — деді депутат.

Сондай-ақ, ол шегірткенің де көбейіп, егін шаруашылығына қауіп төндіріп отырғанын айтып, жағдайды жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.