30.04.2025, 11:40

Атырауда NCOC компаниясының менеджерін өз үйінде айуандықпен өлтіріп кетті (ВИДЕО)

Фото: ztb.kz

Күдікті ұсталды.

Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешенінде жүкті әйелдің өліміне қатысты іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 46 жастағы әйелдің мәйіті «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүкті болған.

Куәгерлердің айтуынша, әйелді пышақтап кеткен, оқиғадан кейін әйелдің пәтерінен құнды заттары ұрланған. Қазір оқиға орнында жедел теруге тобы жұмыс істеп жатыр.

Ақпаратты жергілікті полиция департаменті растады. Полицияның мәліметінше, бұл дерек бойынша «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары табылған, ал пәтеріндегі сейф бұзылған.

Адам құқықтары жөніндегі комитеттің хабарлауынша, марқұмның туыстары оларға көмек сұрап жүгінген. Олар тергеудің әділдігіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Құқық қорғаушылар оқиғаның кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін деген нұсқаны да тексеру қажеттігін айтып, істің толық әрі ашық тергелуін талап етті.

«Мемлекет марқұмның отбасына шынайы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, кінәлілердің табылып, лайықты жазасын алуына кепілдік беруі тиіс», — делінген комитет хабарламасында.

Атырау қаласының блогері Рүстем Баязиев өз Instagram-дағы парақшасында күдіктінің суретін көрсетті.

Оның айтуынша, күдікті қаза тапқан әйел тұрған үйде сантехник болып жұмыс істеген. Үйіне кіріп, зорлап, кейін өлтіріп, құнды заттарын тонап кеткен.

Айта кетейік, марқұм келіншек NCOC қызметкері екені анықталған болатын. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 46 жастағы әйелдің мәйіті «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінен табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел жүкті болған.

Полицияның мәліметінше, бұл дерек бойынша «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.