Елордалық полиция департаменті ер адамдардың жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.
Астанада лифтте құшақтасып, сүйіскен ер адамдар бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Астанада екі ер адам «Кереге» ТҮК лифтінде мас күйде бейнебақылау камерасын жұлып алған. Одан бөлек, кадрлардан олардың құшақтасып, сүйіскенін көруге болады. Елордалық полиция департаменті ер адамдардың жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.
«Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп, құқық бұзушылардың жеке басы анықталып жатыр. Тексеріс нәтижесінде ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады», – делінген хабарламада.