$ 512.32  582.92  6.29

Қажылық кезінде Меккеге кіруге жаңа шектеулер енгізілді

Сонымен қатар рұқсатсыз қажылық жасауға көмектескен немесе ондай адамдарға виза рәсімдегендерге 100 мың риалға дейін (26 мың АҚШ доллары) айыппұл қарастырылған.

Фото: © AFP 2024 / Bandar Aldandani
Фото: © AFP 2024 / Bandar Aldandani

Сауд Арабиясы 29 сәуірден бастап қажылық маусымында Мекке мен Мединеге кіруге қатаң шектеу енгізді. Бұл тыйым 10 маусымға дейін, яғни қажылық аяқталғанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Report басылымының жазуынша, енді қасиетті орындарға тек арнайы қажылық визасы бар адамдар ғана кіре алады. Елдің Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, рұқсатсыз қажылық жасауға тырысқандарға немесе визаның басқа түрімен Меккеге кірмек болғандарға 20 мың сауд риалына (шамамен 5,3 мың АҚШ доллары) дейін айыппұл салынады.

Сонымен қатар рұқсатсыз қажылық жасауға көмектескен немесе ондай адамдарға виза рәсімдегендерге 100 мың риалға дейін (26 мың АҚШ доллары) айыппұл қарастырылған.

Меккеге заңсыз кірмек болған шетелдіктер елден депортацияланып, Сауд Арабиясына 10 жылға дейін кіруге тыйым салынады. Ал қажылық рұқсаты жоқ адамдарды Меккеге жеткізген көліктер тәркіленіп, иелері сотқа тартылады.

Туризм министрлігі қажылық маусымында Меккедегі қонақ үйлер мен жатын орындарға қажылық рұқсаты жоқ адамдарды орналастыруға қатаң тыйым салынғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары