Министр барлық қолданылған шараға қарамастан, сарбаз әлі күнге дейін аяғынан тік тұра алмай жатқанына да тоқталды.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әскерде жүріп, кейін комаға түскен Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 2023 жылдың желтоқсанында болған. Содан бері жігітке бірнеше ота жасалды.
"Оның жағдайы тұрақты. Қосымша оңалту және медициналық қызмет көрсету қажеттілігіне байланысты Ербаян кеше ұлттық медициналық орталыққа жатқызылды. Ауруына сәйкес оған қажетті көмек көрсетілуіп жатыр. Әкесі қасында", – деді Әлназарова үкімет отырысында.
Министр барлық қолданылған шараға қарамастан, сарбаз әлі күнге дейін аяғынан тік тұра алмай жатқанына да тоқталды.
"Оның диагнозы өте ауыр. Жарақатымен қатар инфекция да болды. Тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Ол Түркияға да барған. Қазір біз өзіміз қосымша тексеру жүргізіп жатырмыз. Оның ата-анасымен шетелде емделу мәселесін талқыладық. Олар Қазақстанда емделуге келісті. Уақытынан бұрын болжам жасамай-ақ, барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқанына сендіремін", – деді министр.