28.04.2025, 18:30

Шерзат ісі: Сотта үшінші куәгер жауап бере бастады

Фото: видеодан алынды

Шерзат Болаттың ісі бойынша сот отырысы бүгін түстен кейін үзілістен соң жалғасты.

Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот отырысы бүгін түстен кейін үзілістен соң жалғасты. Бұл жолы үшінші куәгер Юлдаш Розыбакиев өз жауабын берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Юлдаш Розыбакиев сотталушы Абзал мен Нұрқиясты ғана танығанын атап өтті, қалған сотталушыларды танымайтынын айтты. Ол сол күні достарымен Талғар ауданындағы әкімдік маңында болғанын және оқиғаға байланысты кейіннен бірнеше адаммен байланысқа шыққанын атап өтті.

«Біз сол күні Талғардың әкімдігі жанында тұрдық. Арлан есімді досыммен әңгімелесіп тұрғанда, Даниярдың анасы хабарласып, Талғарда төбелес болғанын хабарлап, қайда жүргенімізді сұрады. Біз орталықта екенімізді айттық. Кейін оқиға орнын көру үшін үш көлікпен бардық. Барғанымызда екі адам жерге құлап жатқан еді, олар тірі болатын. Әрқайсымыздың көзімізше оларды Sonata көлігімен алып кетті. Сол кезде әйел адам қызғылт түсті бас киім мен жасыл түсті гильзяны алып кетіп, көлікке мініп, кетіп қалды. Сол кезде полиция мен жедел жәрдем келді. Көршілерінің айтуынша, оқиға орнында Mercedes көлігі болған», – дейді куәгер.

Юлдаш Розыбакиевтің сөзінше, кейіннен досы Арлан Нұрқиясты іздеуге шақырған. Олар көліктеріне отырып, ауылға барып, Нұрқиясты алып шыққан. Олардың айтуынша, көлікте Mercedes көлігі арттарынан еріп келген. Біраз уақыттан кейін Нұрқияс Mercedes көлігінен бөлініп, оларды жаңа бағытқа бұрған. Артынша, Равиль есімді сотталушы мен тағы бір бейтаныс адам көлікке отырған. Сосын олар полицейлердің қатысуымен оқиға орнынан кеткен.

Куәгер көлікте болған кезде сотталушылардың әңгімелеріне құлақ аспағанын айтты. Ол сонымен қатар, Абзал Шынасыловтың көлікте «ештеңе айтпаңдар» деген сөздерін естігенін мәлімдеді.