25.04.2025, 12:40

Банктер елді 30 жыл тонаған адамдардың қолында – Анарбек Марқабай

Онлайн кредит халық үшін емес, банк үшін жасалған.

"Қаржылық ұйымдар елді 30 жыл тонаған адамдардың қолында. Банктердің бәрінде ұрылардың үлесі бар". Бұл пікірді алаяқтардан зардап шеккен жандарға көмек қолын созып жүрген Анарбек Марқабай «Qasqa Jol» Youtube арнасында айтып, соңғы кездегі өзекті мәселемен ой бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Менің ойымша, халықты осындай жағдайға жеткізіп, бұрынғы биліктен кеткен адамдар қазіргі жаңа билікке өзінің қарсылығын білдіріп тұрған сияқты. Банктер бір сияқтыларды күннен күнге тонап жатыр. Бұл қылмыстың жаңа түрі. Билікті кінәлайын десең, кінәлай алмайсың, билікте ондай маман жоқ. Шетелдің өзінде, өркениетті елдерде, мысалы дамыған Еуропада 1 күнде онлайн кредит ала алмайсыз, 1 күнде банк картасын бермейді. 

Біздің бұл жүйені жеңілдетіп жібергеніміз - қаржылық топтың барлығы билікте. Парламентте де бар. Осы қаржылық мәлелеге байланысты заңға талдау жасап, нәтижесін шығаратын  Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы. Ол қойды қасқырға баққызғанмен бірдей.

Бұл кісілер банктерге қарсы бап енгізе алмайды. Нәтижені нені қаржылық топ береді?! Неге Үкіметтік емес ұйымдарға бермеске ол құзіретті? Онлайн кредит халық үшін емес, банк үшін жасалған", - дейді,