18.04.2025, 18:20

Қазақстан EXPO 2025 көрмесінде: шағын павильон — үлкен идеялар

Фото: «QazExpoCongress» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Шағын алаңға қарамастан, ҚР павильоны 4 жоғары технологиялық аймақтан тұратынын және контенттің мазмұнына, атап айтқанда тарихқа, мәдениетке, экономикалық көрсеткіштерге, экожүйеге, туризмге, инновацияға және т.б. ерекше назар аударылғанын атап өткен маңызды.

Жапонияның Осака қаласында Дүниежүзілік EXPO 2025 көрмесі (бұдан әрі – EXPO) басталды. Ұйымдастыру комитетінің деректері бойынша ауқымды іс-шараға 158 ел мен 9 халықаралық ұйым қатысады, ал келушілердің болжамды саны 28,2 млн адамды құрайды, - деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көрме 2025 жылғы 13 сәуір мен 13 қазан аралығында өтеді. Іс-шараны өткізу үшін жасанды Юмешима аралы таңдалды. Көрменің басты тақырыбы — «Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру», ол үш бағыт арқылы ашылады: «Өмірді құтқару», «Мүмкіндіктерді кеңейту» және «Өмірді біріктіру».

Бастапқыда Қазақстан Республикасы 1 мың ш. м. жер учаскесінде ауданы 800 ш. м. асатын «А» типті павильонда орналасуын растағанын айта кеткен жөн. Алайда 2024 жылы Қазақстандағы ауқымды су тасқынына және жойқын апаттың салдарын жою, сондай-ақ азаматтарға көмек көрсету үшін қаражатты үнемдеу қажеттілігіне байланысты елдің EXPO-ға қатысуы мен бюджетін қысқарту туралы шешім қабылданды.

Осыған байланысты EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесін өткізу жөніндегі жапон қауымдастығы қазақстандық тарапқа жалпы ауданы 63 ш. м. «С» санатты павильонда орналасуды ұсынды. Бұл ретте EXPO-ға қатысатын 158 елдің 93-і «С» санатындағы павильондарға, қалғандары «А» және «Х» санаттағы павильондарға орналастырылды.

Шағын алаңға қарамастан, ҚР павильоны 4 жоғары технологиялық аймақтан тұратынын және контенттің мазмұнына, атап айтқанда тарихқа, мәдениетке, экономикалық көрсеткіштерге, экожүйеге, туризмге, инновацияға және т.б. ерекше назар аударылғанын атап өткен маңызды. Шаңырақ символына негізделген тұжырымдама интерактивті аймақтарды біріктіреді: көп қырлы мұраны ашатын 3D мэппингтен бастап, келушілердің жүздері біртұтас визуалды кенепке біріктірілген иммерсивті проекциялық шоуға дейін. Экспозицияның әрбір элементі Қазақстанның экология, туризм, инновация және тұрақты даму саласындағы әлеуетін зерттеуге тартатын қонақпен диалог іспеттес.

Сонымен қатар павильон елдің инвестициялық және экономикалық әлеуетін көрсетеді: негізгі салалар, табиғи ресурстар, туристік және инновациялық әлеует, «жасыл» энергетика және тұрақты даму саласындағы жетістіктер ұсынылған. Сондай-ақ донорлық органдарды ұзақ уақыт сақтауға және трансплантациялауға арналған «ALEM» (Astana Life Ex-situ Machine) отандық инновациялық құрылғысы ұсынылды.

EXPO-ның ұйымдастырушылары мен келушілері қазақстандық павильонның контенттік мазмұнының және дайындығының жоғары деңгейін атап өтуде.

Биыл 10 тамызда Қазақстанда Абай күнін атап өтетін болса, Жапониядағы көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық күні дәл осы күні өтетін болады. Бұл күні еліміздің туын ресми көтеру салтанаты, ресми қонақтар мен қатысушылардың кездесуі, сондай-ақ қазақстандық әртістердің қатысуымен этно-концерт пен шеру өткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, журналист Айнұр Асанберді Жапонияда өткен көрмеде Қазақстанның павильоны тым жұпыны екенін желідегі парақшасында жазған болатын.  

Тегтер: Жапония ЭКСПО