$ 512.34  582.07  6.31

Шерзат Болат өлімі: Жанжал қалай басталған?

Осы кезде  Әскентай мен Тоқтаубаевта Нұрқанат пен Қаржаубайды кешірім сұрату туралы ой туып дүкенге қайта оралады.

Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Прокурор сотта Дана Сәрсенбай Дархан Әскентай ауыр санаттағы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзышулықты қалай жасағанын баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Әскентай дүкенге не үшін келді

2024 жылы 3 қаңтарда түнгі сағат 23:22 минут шамасында Әскентай масаң күйде бола тұра, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы Меделеев көшесі, 13 мекен жай бойынша орналасқан “Қамажай” дүкеніне кіріп, дүкеннен 3 бөтелке сыра мен 4 дана темекі алған. Сөйтіп ол танысы кәмелетке толмаған Асқарбекке Whats’App мессенджері арқылы төлемақы жасау үшін хабарласып, дүкеннің сөресінде жазылып тұрған Қалтаеваның абоненттік нөміріне тіркелген Kaspi есепшотына 1000 теңге аударым жасауды өтінген, - деді Дана Сәрсенбай.

Сөзінше, Асқарбек Әскентай берген апасының атына тіркелген есепшоттан 1000 теңге аударым жасап, электронды түбіртекті Whats’App мессенджеріне жіберген.

Әскентай осы күні сағат 23:25-те сатушы Нұрымовқа 1000 теңге аударым жасалғанын растайтын электронды түбіртекті өз телефонынан көрсетіп, оған қоса қолма-қол 1000 теңге берген. Нұрымов Әскентайға 530 теңге қайтарған. Сөйтіп екеуі қол алысқан соң Әскентай дүкеннен шығып кеткен

Арада уақыт өте осы күні 23:33-те“Қамажай” дүкеніне Нұрымовтың баласы Шерзат Болат кіріп, телефонын қуаттап қарап отырған. 23:47-де Әскентай “Қамажай” дүкеніне қайта кіріп, Нұрымовтан телефонын қуаттағышқа қоюды өтінген. Нұрымов кассадағы қуаттағыш көзіне қосқаннан кейін Әскентай сыртқа шығып, дүкен алдында тұрған, - деді прокурор.

Ол осы әрекеттің бәрін көрген Шерзат Болат Әскентайдың іс-әрекетін бақылай бастағанын айтады. Кейін Әскентай қуаттағыштан телефонын алып, сыртқа шығып, сырасын ішуді жалғастырған.

Шерзат Әскентайды неге ұрды?

23:52-де Шерзат Болат әкесі Нұрымовқа қатысты Әскентай балағат сөздер айтты деген болмашы себепті пайдаланып, “Қамажай” дүкенінің алдында тұрған Әскентайдың оң жақ көз тұсынан екі рет жұдырықпен соққы жасаған.

Прокурор медициналық сараптама қорытындысы соққы болғанын растағанын айтты.

Прокурор айтып өткендей, бұл жайтты көрген Нұрымов ұлына ескерту жасап, Әскентайдың бетіндегі қанды сумен жууға көмектескен. Сөйтіп Нұрымов ұлының әрекеті үшін Әскентайдан кешірім сұрап, денсаулығына келген зақымды өтеп беретінін айтқан.

Бірақ Әскентай Нұрымовтың кешірім сөзіне құлақ аспай, болған жағдайды егжей-тегжейлі шешу үшін “Қамажай” дүкенінің алдына танысы Нұрбол Тоқтаубаевты телефон арқылы шақырған. Нұрымов болған жағдайды шиеленістірмей шешеді деген оймен бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевқа хабарласып, тез арада дүкенге келуін сұраған. Ғайыпбаев інісінің әрекеті үшін кешірім сұрап, оның кәмелетке толмағанын әрі көп нәрсені түсінбейтінін айтып, мәселені жанжалсыз шешуге шақырған.

Алайда Әскентай жолда Kaspi-інен төлем жасалғанын растайтын чекті көрсетеді. Осы кезде  Әскентай мен Тоқтаубаевта Нұрқанат пен Қаржаубайды кешірім сұрату туралы ой туып дүкенге қайта оралады. Ары қарай жағдай ушығып, жанжал төбелеске, төбелес, адам қазасына әкеп соғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары