Жол ережесін бұзған мотоцикл жүргізушісі аман қалған.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады. Қатты жылдамдықпен келе жатқан мотоциклист жол бойындағы екі жұмысшыны қағып өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған видеодан мотоцикл жүргізушісінің қатты жылдамдықпен келе жатып, жеңіл көлікке соғылғанын көруге болады. Салдарынан мотоцикл жол жиегіне шығып кетіп, онда тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқан үш жұмысшыны, екі ер адам мен әйелді қағып кетті. Екі ер адам оқиға орнында көз жұмды, әйел ауруханаға жеткізілді.
Алматы полициясының мәліметінше, жол ережесін бұзған мотоцикл жүргізушісі аман қалған.
“Ол қазір күзетішінің бақылауында ауруханада жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.