Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
 
                    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрін тағайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген.