03.05.2024, 23:30

Ақтөбеде ірі өрт болды

Фото: Видеодан кадр

Өрттің басқа ғимараттарға таралу қаупі жоқ.

Ақтөбеде құрылыс материалдары бар қойма жанып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен қызметкерлері жоғары дәрежелі ранг бойынша жұмыс істеуде. Қызыл жалын шарпыған аумақ алаңы анықталуда.

Өрттің басқа ғимараттарға таралу қаупі жоқ.