04.05.2024, 02:30

18 қарсыласын сұлатқан чемпион Әлімханұлымен айқасуға келісті

Коллаж: sn.kz

Жекпе-жектің күні де айтылды.

Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (23-1, 18 KO) осы дивизионда WBO және IBF титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жекке келісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жекпе-жектің күні де айтылды, деп жазады msports.kz.

Адамес пен Әлімханұлы арасында орта салмақтағы үш тиутл үшін айқасты 3 тамыздағы бокс кешінің кардына қоссақ қалай? Маған бұл ой ұнап тұр, - деп жазады Broadway Joel твиттер-аккаунтты. 

 Адамес бұл ұсынысты қолдады.

Мен бұған әлбетте келісемін!!! Мен Жәнібекпен ойнап уақыт кетіріп жатқан жоқпын, оның промоутері келісімшартқа қатысты әзілдей береді... Саған олардың нөмірін берейін бе?, - деп жазыпты Карлос.