$ 441.58  480  4.86

Астанада теміржол күзетінің басшылары 160 миллион теңгеге жуық қаражат жымқырғаны үшін сотталды

Бас директор мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада теміржол күзетінің басшылары 160 миллион теңгеге жуық қаражат жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сотта теміржол күзетінің бас директоры өзінің орынбасары және бас менеджерімен бірге бейнебақылау жүйесіне арналған жабдықтарды сатып алуға арналған 159 млн теңгеден астам қаражатты бюджеттен жымқырғанын анықтады.

Сонымен қатар, Бас директор өз өкілеттігін асыра пайдаланып, менеджерді компанияның құрылымдық бөлімшесіне жүргізуші ретінде жұмысқа орналастырған. Осылайша оған ЖШС-ке 1,5 миллион теңгеден астам жалақы тағайындату арқылы өзінің жеке мақсаттары үшін пайдаланған.

Бас директор мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Басқа сотталушылар жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленуші тараптың азаматтық талабы кінәлі адамдардан бірлескен тәртіппен өндіріп ала отырып, келтірілген залал сомасы шегінде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары