$ 441.58  480  4.86

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Тестілеудің өзі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді.

Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау 14 мамырға дейін жалғасады. ҰБТ-ға қатысу үшін http://app.testcenter.kz сайтында тіркеуден өтуге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағана, тестілеудің өзі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді. Бұл ретте талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады.

«Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов түлектерге жолдаған хатында талапкерлерге тиімді шешім қабылданғанын мәлімдеген болатын. Енді олар ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік алды. Сонымен қатар бір бейінді пәндердің комбинациясын екі рет таңдауға болады», - деп түсіндірді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Алдыңғы екі ҰБТ-2022 (қаңтар, наурыз) қорытындысы бойынша тестіленушілердің орташа балы - 68,5, бұл өткен жылдың нәтижелерінен жоғары. Қатысушылардың 70%-дан астамы шекті балды жинай алды, ал ең үздік көрсеткіш - 135 балл. Талапкерлердің академиялық адалдықты сақтауында да оң өзгеріс байқалады. Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттері, сондай-ақ оларды тестілеу кезінде пайдалану 2-3 есе азайды.

Түлектердің ҰБТ-ға жақсы дайындалуының тағы бір мүмкіндігі – Ұлттық тестілеу орталығының тегін онлайн-сынақ тестілеуін іске қосуы. Онымен қоса ҰТО-мен бірлесіп әзірленген білім беру орталықтарының тегін онлайн сабақтары да жалғасып жатыр.

Академиялық адалдықты сақтау үшін талапкерлердің тест нұсқасы таңбаланады. Яғни әрбір ҰБТ-ға қатысушысының жеке тест нұсқасы болады. Ережелерді бұзған және тест тапсырмаларын аудиториядан тыс жерге шығаруға тырысқан жағдайда, Ұлттық тестілеу орталығы ереже бұзушыларды анықтап, оның тест нәтижелерін жояды.

Пәндердің саны өзгеріссіз қалады - үш міндетті және екі таңдау бойынша. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан - 15, математикалық сауаттылықтан - 15, оқу сауаттылығынан - 20 және екі бейіндік пәннен - 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140.

Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут).

Ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге тест тапсырмаларын орындауға қолайлы жағдай жасау үшін алғаш рет негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 минут берілді. Сонымен бірге ерекше талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізілді. Олар үшін тест нұсқалары суреттерсіз, диаграммаларсыз және сызбаларсыз әзірленді. Сондай-ақ ҰБТ кезінде компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі және металдардың бірқатар белсенділігі қосылған тұздың ерігіштігі кестесі қолжетімді болады.

Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат аппеляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары