$ 441.41  477.78  4.84

«Су тасқынынан 200 млрд теңге шығын келді деу – түкке тұрғысыз есеп» – Жанкелді Шымшықов (ВИДЕО)

Бұған дейін онсыз да банктерге 7 трлн теңге қарыз болып отырған халыққа су тасқыны ауыр соққы болды.

Қазақстанда су тасқынынан қираған үйлердің құны қалай есептеледі? Зардап шеккен, дүние-мүлкінен бір сәтте айырылып қалған халық қайда құжат тапсыруы тиіс? Қазіргі халықтың экономикалық әлеуеті қалай? Бұл туралы экономист-сарапшы Жанкелді Шымшықов «Qasqa jol» ютуб каналына берген айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тәжірибелі экономистің пайымдауынша, бүгінде су тасқыны әбігерге салған халықтың жағдайы мәз емес. Ал олардың әлеуметтік ахуалын жақсартып, қалыпқа келтіру үшін біраз уақыт қажет.

Оның сөзінше, бұған дейін онсыз да банктерге 7 трлн теңге қарыз болып отырған халыққа қарғын су ауыр соққы болды.

«Қазір су тасқынының зиянын нақты цифрлармен айту өте қиын. Өйткені айтылды ғой, мұндай апат 80 жылда бірінші рет болып жатыр деп. Ең бірінші кезекте адам шығыны. 10-ға жуық шығын болды. Екінші, жануарлар дүниесінен төрт түлік мал шығыны бар. Жылқы малы көп қырылды, ірі қара мал кетті. Олардың санын қазір атау оңай емес. Бұл тұрғыдан әр ауданның өз есебі болу керек», - деді экономист.

Бұл ретте, бағдарлама жүргізушісі «Мысалы, кеше Қанат Бозымбаев «200 млрд шығын болды» деп болжам жасағанын тілге тиек етті.

«Енді 200 млрд дегені ең төменгі есебі. Өйткені халықтың алған кредиті 7 триллионнан асып жығылады. Халық банктерге 7 трлн қарыз! Жылына 1 млн, 100 мың теңге орта есеппен әр адам өзіне жұмсайды. Ал мұндай көрсеткіш Алматы секілді қалада әр адам басына 1,5 миллионды құрайды. Соған қарағанда, кеткен шығындарды салыстырып кішкентай болса да түсінуге болады. Сондықтан да 200 млрд деген жай шопақ. Ол кем дегенде 10 есе жоғары болады. Қаншама үйді су шайып кетті. Қаншама жойылған жол бар, оларды жоюға қаншама ақша кетеді. Сіз білесіз бе? 1 шақырым, 4 қатарлы жолды салу үшін 40 млрд ақша кетеді. Сондықтан 200 млрд теңге шығын келді деу – жай ғана «шопақ», түкке тұрғысыз есеп», - деді маман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары