03.01.2023, 12:37

«Үйлеріңізге келмеймін»: Гүлзира Айдарбекованың құдағиы шу шығарды

Фото: видеодан скриншот
Бұған қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды.

Екі құдағидың бұл әрекетіне біреулер тамсанып жатса, енді біреулер сынап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К. 

Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың әке-шешесінің жаңажылдық мереке қарсаңында құдаларын қарсы алған видеосы тарады.

Видеода әншінің анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова келінінің анасына сыйлық тарту етеді. Алайда құдағиы үзілді-кесілді бас тартады. Тіпті "Неге сыйлық бере бересіздер? Енді үйлеріңізге келмеймін. Солтүстікте мұндай жоқ" деп қалжыңдайды. Бұған қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды.

"Бұл да — көрегендіктің белгісі. Гүлзира келген сайын қымбат сыйлық беретін болып тұр ғой", "Қайта-қайта ала беруге ыңғайсызданып тұр", "Ұялып жатқан түрі ғой", "Құдағи деп сыйлағанға неге сонша бұлданады?", "Солтүстікте мұндай жоқ деуі қай сасқаны?" — дейді пікір жазушылар.