$ 458.85 € 503.5 ₽ 5.59

«Бетіне түкіріп кетті»: Дариға Бадықова ыңғайсыз жағдайда қалғанын айтты

Фото: instagram.com/dariga_badykova
Фото: instagram.com/dariga_badykova

Актриса Дариға Бадықова киносының көрсетілімі кезінде тосын жағдайға тап болғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айтуынша, көрермендердің бірі «Соңыра» фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдаған Дәркен Есімбековтің бетіне түкіріп жіберген.

«Жаңа кинода бір тәте бетіне түкіріп кетті. Жаным, бір тәте образына сенген ғой. Соншалықты қатты сенген», – деді күліп актриса.

Желі қолданушылары видеоға күліп, түрлі пікірлерін қалдырды.

«Киноға 100 пайыз сенген ғой», «Мәссаған, қызық болыпты», «Қанша шынайы болса да, бұнысы артық», «Кезінде Асанәлі Әшімовке де солай жасаған ғой», «Рөлін жақсы алып шыққан болып тұр ғой», – деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0