Актер 19 қарашада Лос-Анджелестегі өз үйінде көз жұмған.
Америкалық театр және кино актері Стивен Хэк 68 жасында өмірден өтті. Өнер иесінің қайтыс болғаны туралы InterAct театр ұжымы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Актер 19 қарашада Лос-Анджелестегі өз үйінде көз жұмған. Қаралы хабар 21 қарашада жарияланды. Стивен Хэк театр ұжымын құрушылардың бірі болған.
Алғашында актердің жүрегі кенеттен сыр бергені айтылған. Алайда кейін жарияланған медициналық қорытындыда оның атеросклероздық жүрек-қан тамырлары ауруынан қайтыс болғаны көрсетілген.
InterAct театр ұжымы марқұмның жақындарына көңіл айтып, оның өнердегі жолын, адамгершілік қасиеттерін және театрға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Айта кетейік, Стивен Хэк өмірден өтерінен бірнеше ай бұрын «Клиника» телехикаясының жаңа маусымына қайта оралғысы келетінін айтқан. Ол бұл сериалда дәрігер Фред Боббтың бейнесін сомдаған.