$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

«Қызымды Олжастан қызғандым»: Дариға Бадықованың анасы ел күтпеген пікір білдірді (ВИДЕО)

Оның сөзінше, теледидардан қызы мен Олжастың бірге ән айтып тұрғанын көргенде бойында қызғаныш сезімі оянған. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Актриса Дариға Бадықованың анасы қызының қазіргі жары Олжас Абайдан алғашында қызын қызғанғанын айтты. Бұл туралы ол «Жетінші арнаға» берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның сөзінше, теледидардан қызы мен Олжастың бірге ән айтып тұрғанын көргенде бойында қызғаныш сезімі оянған.

«Теледидардан екеуінің бірге өлең айтып тұрған кезін көргенде, өз қызымды Олжастан қызғандым. Шын айтам. “Менің қызымда несі бар мынаның?” деп ойладым», – деді ол.

Сондай-ақ актрисаның анасы көпшіліктің қызы мен Олжасты жиі қосақтап жүргенін айтып, екеуіне шаңырақ көтеруге өзі де кеңес бергенін жеткізді.

«Үйленетіндерінің алдында мен айттым: “Қызым, жұрттың бәрі шуылдап, сендерді қосып жатыр ғой. Неге үйлене салмайсыңдар?” дедім. “Қосылсаңдар, қосылыңдар” дедім. Мен ешқандай жаман ойға келген жоқпын. Бақытты болыңдар деп батамды бердім», – деді актрисаның анасы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0