Актриса Instagram желісінде жұбайының әулет шежіресін көрсетті.
Актриса Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын, ал татар ұлтынан шыққан жұбайының әулет шежіресіне енгенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Актриса Instagram желісінде жұбайының әулет шежіресін көрсетті. Онда Фаризаның есімі жұбайы Андрейдің атымен қатар жазылған.
«Ал, татарлардың шежіресіндемін… Өзіміздің Ысты руының шежіресінен орын табылмай татар елінің шежіресінде жүрмін… Біздің дәстүрге өкпем қара қазандай, байқасаңыз 😅
Қазақ Қыздарының Шежіреде болмауы қайдан басталған дәстүр? Маған осы сұраққа грамотно жауап беретін адам бар ма? Шын мәнінде тыңдағым келеді…» – деп жазды Фариза Ескермес.