$ 455 € 498.77 ₽ 5.56

«Шектен шыққандық!»: Димаштың жанкүйері сахнада әншінің ернінен сүйіп алды (ВИДЕО)

Бұл сәт концерт залындағы үлкен экраннан да көрсетілген.

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы концертінде тосын оқиға болды. Өнерпазға жақындаған жанкүйер оны ернінен сүйуге әрекет жасаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл сәт концерт залындағы үлкен экраннан да көрсетілген.

Оқиға 20 қарашада Мехикода өткен әншінің концертінде болған.

Желіде тараған видеода жанкүйер қыздың Димашты құшақтап, сүймек болғаны байқалады. Алайда әнші дер кезінде басын бұрып, әрекеттен жалтарып үлгерген.

Осы көрініс сахнадағы алып экраннан көрсетіліп, залдағы көрермендердің назарын аударды. Кейін концерттен түсірілген видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

"Шектен шыққандық қой бұл", "Қызғанып кеттім Димашты", "Басқа-басқа Димаштан мұндайды күтпедік", "Сыйластық жоқ, жабайылық деп білемін мұны", - деп жазды оқырмандар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0