20 қарашада бүлдіршін «Барыс Аренада» өткен ресейлік әншінің концертіне арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Ресейлік әнші Дима Билан Астанада өзімен аттас төрт жасар бүлдіршінмен кездесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында тұратын кішкентай Дима Биланның видеосы тараған еді. Кадрда бала өзінің есімін айтқанымен, ауылға барған әйел оның сөзіне бірден сенбеген.
20 қарашада бүлдіршін «Барыс Аренада» өткен ресейлік әншінің концертіне арнайы қонақ ретінде шақырылды. Осылайша, атымен танылған кішкентай Дима Билан әйгілі әншімен жүздесу мүмкіндігіне ие болды.